Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Назар аудар!

ЖОО мен барлық колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Педагогическая наука и практика» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының 2019 жылғы екінші нөмірін басылымға дайындайды.

Жарияланымдар - тегін! Өз материалдарыңызды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекен-жайына жібере аласыздар.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2018 жылдың 23 қазаны күні қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі сабақтарында құзыреттілікті амалды қолдану» Облыстық стратегиялық сессиясын өткізді.

Облыстық стратегиялық сессияның мақсаты білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында облыстың жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі сабақтарында құзыреттілікті амалды ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу болып табылды.

Сессия жұмысының барысында мектеп оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін арттыру жолдары, мәтінмен жұмыс жасауда белсенді әдістерді қолдану, сын тұрғысынан ойлау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту, қазақ тілі сабақтарында АКТ қолдану бойынша сұрақтар қарастырылды және талқыланды.

Смагулова Г. Г., Рудный қаласы әкімдігінің "№ 19 орта мектебі" КММ қазақ тілі мұғалімі; Досмухамбетова А. М., Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Озат» мектеп-лицей-интернаты» КММ қазақ тілі мұғалімі; Камалова Г.М., Қостанай обылысы, Қарабалық ауданы М.Горький атындағы №1 Қарабалық ОМ қазақ тілі  пән мұғалімі; Бекеева Г. А., Кабденова Ж. М., Абдрахманова Л. С., Жаркенова К. С., «Әулиекөл ауданы әкімдігінің С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» ММ қазақ тілі мұғалімдері;  Сагадатова А. К., Есенгельдина М. К.,  «Жітіқара ауданы білім бөлімі» ММ «Гимназия» КММ қазақ тілі мұғалімдері;  Султанова А. С.,
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ қазақ тілі мұғалімі  баяндамамен сөз сөйледі.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» - да «Бәрі де отбасынан басталады» жалпы білім беретін мекемелердің педагогикалық қызметкерлері үшін ұйымдастырылған сынып сағатының облыстық байқауы өтті. Байқау Қазақстан халқының Қостанай облыстық Ассамблеясымен бірлесе ұйымдастырылып, Халықаралық отбасылық күнімен тұспа-тұс келді.

Оқушылардың отбасына деген құндылықты көзқарасын тәрбиелеу қазіргі таңда педагогикалық мәселелердің өзектісі болып табылады. Бұл мәселені шешу тек олардың отбасыларының болашағына ғана емес, жалпы қоғамның да болашағына тікелей байланысты. Отанға деген махаббат отбасынан бастау алады. Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласында: «...ұлтжандылық өз жеріне, өз ауылына, қаласына, ауданына, кіші отанына деген махаббаттан басталады», - деген болатын.

Достық Үйімен бірге жүзеге асырамыз.

         2016 жылдың 7 қыркүйек күні Қостанай облысы әкімдігінің Достық Үйі өзінің ашылуының 10-жылдығын атап өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары  М.К.Жундубаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.У.Укин, этно-мәдениетті орталықтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Достық Үйінің негізгі мақсаттары: толеранттылық принциптерін және Қазақстанда тұратын этностардың өзара әрекеттесуін  қалыптастыру және дамыту, ұлтаралық қарым-қатынасты қалыптастыруына белсенді қатысу болып табылады.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us