Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» АТТЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ БЕЙНЕ – САБАҚТАР МЕН БЕЙНЕ-ДӘРІСТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Қостанай облысының педагогтері жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің республикалық байқауына қатысу үшін  байқау материалдарын белсенді дайындауда.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БА институтында  кеңестер, әңгімесулер өткізіледі, оқытушылар толғандыратын сұрақтарға жауап береді. Желілік қоғамдастықта байқау қатысушыларына әдістемелік көмек көрсетілетін кеңес беру кабинеті жұмысын жалғастыруда.

Қостанай облысының дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі Рауан Темірханұлы Әуесханға "Информатика сабағында CLIL қолдану" тақырыбы бойынша курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі Жанна Әділқайратқызы Мусина кеңес өткізді.

 "Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауына қатысу - педагогтың кәсіби өсуі. Ол қатысушыларды өз шеберлігін арттыруға итермелейді, жұмысқа талдау жүргізуге және жаңа тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Байқауға қатысушылар кез келген уақытта "Өрлеу" филиалының оқытушы-кураторларына көмек сұрап жүгіне алады. Біз сіздің жеңісіңізге сенеміз!

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us