Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТРЕНЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУІ

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»   филиал директоры М.В.Слесарь басқа филиалдардан келген тренерлерімен кездесу өткізді.

Басқа облыстардың білікті тренерлері Қостанай облысы педагогтарын бірнеше курстар бойы үйретті:  Ақтөбе облысынан Отарбаева Л.Л. тарих пәні мұғалімдеріне арналған курстарда, Түркістан облысынан Батькаева Г.А. физика пәні мұғалімдеріне арналған курстарда,  ал Шығыс Қазақстан облысынан Каматаева С. Т. орыс тілі және әдебиеті мұғалімдердің білімдерін арттырды.

Кездесу барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»   директоры М.В.Слесарь тренерлерге:

«Қостанай облысы мұғалімдеріне арналған білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курстарын жоғары деңгейде өткізгеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз.  Сіздердің жоғары кәсібилік, шығармашылық әдіс-тәсілдер, ынта мен жауапкершілігіңізді ерекше құрметтеп бағалаймыз» деп өзінің алғысын білдірді және алғыс хаттар тапсырды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысынан Е.С.Давлеткалиева, Шығыс Қазақстан облысынан Е. М. Нуртазина жаңадан келген тренерлерге де тілек сөздер айтылды.   

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us