Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«Сабақтың тиімділігі - оқушы және мұғалімнің табысқа жету ынтасы»

 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ жалпы білім беретін мектептердің педагогтарына арналған  «Сабақтың тиімділігі - оқушы және мұғалімнің табысқа жету ынтасы» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. 

Вебинардың мақсаты: сапалы білім беру негізі ретінде сабақтың тиімділігін арттыруға бағытталған педагогтардың табысты инновациялық тәжірибесін тарату болды.

Вебинар жұмысында

- Қарабалық ауданы білім бөлімінің Приреченское орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Елисеева Надежда Ивановна,

 - Наурызым ауданы Жамбыл орта мектебінің математика пәні мұғалімі Куникеева Динара Нагашибаевна,

- Қостанай ауданының № 2 Затобол орта мектебінің тарих пәні мұғалімі  Зыбарева Виталия Николаевна,

- Қостанай қаласының № 2 мектеп – лицейінің педагогы Бекбулатова Рауза Фазылхановна өз тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинарда тақырып бойынша сөз алып, жаңартылған білім беру бағдарламасының артықшылықтары мен жетістіктері туралы ой бөліскен педагогтардың тәжірибесі орынды болды.

Заманауи білім беру жүйесінде тиімді сабақ өткізу үшін мұғалім мен білім алушының арасындағы байланыс пен қызығушылық әрдайым үзілмеуі керек, сонда ғана сабақ тиімді өтеді. Тиімді сабақ педагогтың кәсібилігіне, оның сабақты шығармашылық бағытпен құрастырып, сабақты өткізу формасын сауатты таңдағанынан басталады. Әр педагог өз тәжірибесінде авторлық әдістемелерді қолданып, білім алушылармен әрдайым бірегей жұмыс істеген кезде сабақтың тиімділігі артады.

Вебинар соңында ұсыныстар қабылданды.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us