Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Алғашқы әскери дайындық сабақтарында тактикалық ойлау

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ базасында алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушылары-ұйымдастырушылары үшін «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында курс өткізілді.

Курс шеңберінде Қостанай ауданы Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Б.Б.Изтлеуов «Тактикалық дайындық бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында шеберлік сынып өткізді, аталған ісшара жергілікті жер, плакат, сызба, практикалық және тактикалық-саптық сабақтарды пайдалану арқылы теориялық білімді ұйымдастыру бойынша педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталды. Жаттығу-оқу сабақтары өткізілетін  жерлер мен сол бірізділікті өткізу керегі жайында ұсынымдар берілді.

 Шеберлік сыныптың қорытындысы бойынша әр қатысушы спорт сайыстарында да, оқушылардың тактикалық ойлауын тәрбиелеуде де жеміске жетуге қажетті білім мен тактикалық дағдыларға меңгеруге бағытталған практикалық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша құнды тәжірибе алды.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us