Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ТҰЛҒАСЫ»

Қазақстан Республикасы Президенті Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын іске асыру аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты осы жобаның жеңімпаздарының бірі Қайрат Әлімбайұлы Маишевпен имидж-кездесу өткізді.

Имидж-кездесудің мақсаты: «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын жжүзеге асыру, осы жобаның негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның дамуына біршама үлес қосқан адамдардың тағдырын үлгі ретінде пайдаланып, білімге апарар жолдарды айқындап беру. 

 Қайрат Әлімбайұлы Маишевпен кездесу еңбек адамын жете тануға, жас болса да бас болған, заманауи сауатты басшы, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын жақсы түсінген, нағыз патриот, өз елім деп еңіреген азаматпен жүзбе жүз танысуға мүмкіндік ашты. 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ»ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» мектепке дейінгі бастауыш оқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасының аға оқытушысы С.П.Ионова «Білім беру бағдарламалары талап етілетін МДҰ мамандарын даярлаудың шарты: тәжірибе мен болашағы» атты брифингке қатысты, онда Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары жаңа білім беру бағдарламасын таныстырды.

Брифингке «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» өкілдері мен ЖОО оқытушылары, іс-тәжірибеден өтуші тәрбиешілер, балабақша әдіскерлері қатысты.

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» жаңа бағдарламасын, ескертулер мен ұсыныстарды есепке ала отырып, ҚМПУ-нің болашақ мұғалімдері, студенттерінің оқу үдерісіне жаңа оқу жылынан бастап іске қосады.

МАЗМҰНЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРҒА СТАРТ БЕРІЛДІ.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да бастауыш сынып пәндер бойынша мазмұны жаңартылған білім беру шеңберіндегі біліктілікті арттыру курстар басталды.  

Курстардың мақсаты: педагогикалық шеберлікті жетілдіру  және критериалды бағалауды енгізу.

Сабақта курс тыңдаушылар бастауыш сынып оқыту бағдарламалардың құрылымымен, оқыту мен оқу әдістемесімен, пәнаралық интеграциямен танысады.

Курс жүргізуге барлығы 120 сағат бөлінеді, соның ішінде мұғалім критериалды бағалау әдіс-тәсілдерін, сараланған тәсілдеме, сондай-ақ психологиялық жайлылық ұйымдастыру және  баланың шығармашылығын дамытуды игеруіне, жаңартылған бағдарлама жоспарлауына бағытталған тәжірибелік сабақтар.

ДАН СТАРТ КУРСУ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ В РАМКАХ ОБНОВЛЕННОГО СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

На базе ФАО «НЦПК «Өрлеу» ПК ПР по Костанайской области начались курсы повышения квалификации педагогических кадров по предметам начальных классов в рамках обновленного содержания образования.

Цель курсов: совершенствование педагогического мастерства и внедрение критериального оценивания.

На занятиях слушатели курса познакомятся со структурой учебных программ по начальным классам, методикой преподавания и обучения, межпредметной интеграцией.

Всего на проведение курса отводится 120 часов, из них практические занятия направлены на планирование по обновленной программе, где учитель отрабатывает методы и приемы критериального оценивания, дифференцированный подход, а также организацию психологического комфорта и развитие творчества ребенка.

«МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ»

«Өрлеу» БАҰО»  АҚ филиалы  Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  2019 жылдың 21 қаңтар – 04 ақпан аралығында «Математика бойынша ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы балалардың дарындылығын дамыту» тақырыбында  облыстық он-лайн конференция өтті. Конференцияға орта мектептердің математика пәні мұғалімдері,  сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері де қатысты.

Іс-шараға Қостанай және Қарағанды облыстарынан барлығы 95 математика мұғалімдері қатысты. «Математика сабақтарындағы зерттеу есептер арқылы балалардың дарындылығын дамыту» номинациясына облыстың 57 математика мұғалімі қатысты. Олардың жұмыстарында балалар дарындылығын дамытудың әртүрлі аспектілері қозғалған: математика сабақтарында зерттеу есептерді шешу арқылы, бағдарламалау және қосымшалардың әртүрлі ортасын пайдалану, сабақта проблемалық жағдай жасау.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us