Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарма гардеробшысы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» гардеробшы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары: Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта, орта техникалық білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

 Функционалдық міндеттері:

Гардеробшы:

-            Гардероб бөлмелеріндегі тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді.

-            Оқу корпусында тыңдаушылардың сырт киімінің сақтаулығын қамтамасыз етеді.

-            Филиал басшылығын тәртіп бұзушылықтар жайлы уақытылы хабардар етеді.

-          өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалайды;

-            Тыңдаушыға немесе келген қонақтарға заттарды сақтау орнының нөмірін көрсетумен жетон береді.

-            Тыңдаушыға сырт киімін немесе басқа да заттарын жетонды ұсынған жағдайда беру.

-            Жарымжан адамдарға немесе қарт адамдарға киінген және шешінген кезде көмек көрсету.

-          филиал қызметкерлерінің жеке құрамын, оның ішінде Әл-Фараби даңғылы, 56 және гараждағы басқа корпуста жұмыс істейтін қызметкерлерді де біледі .

-          өз жұмысында филиал бойынша бұйрықтарды және басқарма бастығының әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі өкімдерін және бас инженердің ауызша тапсырмаларын басшылыққа алады.

 Білуі тиіс:

Гардеробшы :

- қызметкерлер мен курс тыңдаушыларының жеке заттарын қабылдау және сақтау ережелерін;

- филиалдың ішкі тәртіп ережелерін;

         - филиал туралы Ережені;

- еңбек заңнамасын;

- тыңдаушыларға қойылатын біріңғай педагогикалық талаптарды;

- еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын;

- бөлмені ұстау бойынша санитария және гигиена ережелерін;

- жетонды жоғалтып алған жағдайда құжаттарды ресімдеу ережелерін білуі қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 2019 жылғы 26 қыркүйекке дейін мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: 110000, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86, анықтама телефондары: 8 (7142) 53-30-08, 54-18-83(факс), электрондық мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Конкурс 2019 жылдың 27 қыркүйек айында өтеді.

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

-          конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;

-          кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

-          фотосурет (формат 3*4) / немесе оның электронды форматы;

-          жеке басын куәландыратын құжат (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін -ықтиярхат);

-          мекенжай анықтамасы;

-          қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері. Ескертпе: құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді;

-          белгіленген нысандағы медициналық анықтама (Ф086);

-          қылмыстық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзыушылықты жасағандығы туралы мәліметтердің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;

-           әскери міндеттілер әскери есепке қойылуын растайтын құжатты тапсырады.

 Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us