Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Құрметті әріптестер!

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының сайтында жүздескенімізге қуаныштымын!
Біздің филиал өз қызметін өткеннің бай дәстүрлерін сақтай отырып, қазақстандық білім беруді жаңарту жағдайында педагогтарды оқыту бойынша жауапты тапсырманы жаңа сапалы деңгейде орындайды.
Біздің облыс өзінің атақты жерлестерінің – Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов, Бейімбет Майлин және т.б. сынды ағартушылар, ғалымдар, этнографтар, ақын-жазушылар, мұғалімдер мен қоғам қызметкерлерінің есімдерімен әйгілі. Олар Қостанай жеріндегі білім беру жүйесінің негізін қаласа, біз, олардың ұрпақтары осы істі жалғастырудамыз.
Бүгінгі таңда облыстың білім беру жүйесі оқушылардың жетістіктері, педагогтардың, білім беруді ұйымдастырушылардың қайталанбас тәжірибесі арқылы республикада кең танымал. Олардың осындай жағымды нәтижесінде біздің филиалдың шығармашылық ұжымының еңбегі жатыр.
Білім беру жүйесін модернизациялау біліктілікті арттыру ортасына да өзгерістер енгізді, ол қазіргі және келешектегі қажеттіліктерге уақытылы жауап беретін, өзгерістерге бейімделетін жаңа құрылымды жасауға мүмкіндік берді.
Біздің институттың ғалымдары мен практиктерінің ғылыми әлеуеті, үлкен кәсіби тәжірибесі білім беру мазмұнын жаңарту және отандық, әлем тәжірибесі негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Біз институтқа шетел оқытушыларын шақыру мүмкіндігін алдық, олар курс тыңдаушыларын қазіргі білім беру технологияларына оқытады.
Құрметті біздің әріптестеріміз, біз Сіздердің жетілу, рухани және кәсіби өсу, құндылықты бағыттарды қалыптастыру, білім кеңістігін кеңейтуге талпыныстарыңызды қолдаймыз.

Ұлы Абайдың сөздері бүгінгі күні де өзекті:

      Ғылымға көңіл берсеңіз
      Білгендердің сөзіне
      Махаббатпен ерсеңіз.


Иә, білім – үлкен жасампаз күш, осы күштің арқасында біз педагог мәртебесін, өзіміздің заманауи кәсіби беделімізді арттырамыз және нығайтамыз.
Білім беру сапасын арттыруға құзыреттіліктерді, тәжірибе мен шеберлікті барынша енгізе отырып, кәсіби тұрғыда бірге өсетінімізге сенімдімін.
Ендеше, құрметті білім беру қызметкерлері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының курстарына қош келдіңіздер.

Құрметпен Слесарь Марионелла Васильевна,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
акционерлік қоғамының филиалы
Қостанай облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының директоры

Пред След

Казахстанская правда

04-11-2015

Казахстанская правда

Важный шаг к успешной школе

КАРАГАНДИНСКАЯ ОБЛ.

27-10-2015

Новости библиотеки

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Find us on Facebook